
2026 жылғы 30 наурыз – 1 сәуір аралығында Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) Қаржы комитетінің 111-ші сессиясы өтті.
ДКҰ Қаржы комитетінің мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы аталған сессияға келесі құрамда қатысты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Кожабергенов және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы Эрик Оразов.
Отырыс барысында Қаржы комитетінің мүшелері ДКҰ-ның қаржылық қызметіне қатысты кең ауқымды мәселелерді қарастырды, оның ішінде:
Ұйымды тұрақты қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ ДКҰ-ны жаңғырту жоспарын іске асыру мәселелері ерекше назарға алынды.
Делегаттар қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың маңыздылығын, соның ішінде инвестициялық активтер мен резервтерді неғұрлым ұтымды басқару қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Республикасы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында қаржыландыру мәселелеріне қатысты теңгерімді және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын тәсілді қолдайтынын білдірді. Сонымен қатар, ДКҰ-ға мүше мемлекеттердің бюджеттік мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Қазақстан тарапы барлық қарастырылып отырған мәселелер бойынша ашық диалогқа және әрі қарайғы сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін білдіріп, шешімдер қабылдау барысында бірлескен тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы делегациясының аталған сессияға қатысуы халықаралық кедендік ынтымақтастықтағы рөлін нығайтуға және ДКҰ-ның негізгі қаржылық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға ықпал етеді.