2026 жылғы 18 – 19 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен сәйкес келетін ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру (көліктік бақылау, санитариялық-карантиндік бақылау» тақырыбына Polycom БКБ арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін автомобиль көлігіндегі көліктік бақылау саласындағы НҚА-дағы өзгерістермен, сондай-ақ көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау функцияларымен таныстыру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде: Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталығының сарапшысы – Әділ Саятұлы Боранбай; Автомобиль көлігі және көліктік бақылау Комитеті Автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының маманы - Бекет Өмірбекұлы Ерсейтов; Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мемлекеттік шекараны санитариялық қорғау бөлімінің басшысы – Динара Амантайқызы Адильханова; ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаменті Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы – Муратбек Сайлауович Альжанов қатысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 56 қатысушы тестілеуден өтті және біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.