Еуразиялық экономикалық одақтың кеден қызметтері Біріккен алқасының кезекті отырысы өтті

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден қызметтері Біріккен алқасының кезекті отырысы өтті

      2026 жылғы 26 наурызда Бішкек қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевтің басшылығымен өткен қазақстандық делегациясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтері Біріккен алқасының 53-ші отырысына қатысты.  

     Отырыс барысында тараптар ЕАЭО кеңістігінде бірқатар тауарларды біркелкі сыныптау мәселелерін, сондай-ақ кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды.

     Жеке блок ретінде кедендік транзит рәсімін жетілдіру, оның ішінде тауарларды жеткізу орындарына жеткізбеу жағдайларындағы құқық қолдану тәжірибесі бойынша нақты шешімдер талқыланып, қабылданды.

     Сондай-ақ тараптар тауарлар шығарылғаннан кейін декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер енгізу бойынша құқық қолдану тәжірибесімен, сондай-ақ кедендік құн декларациясын қолдану тәжірибесімен алмасты.

    Кеден қызметтері басшылары кедендік процестердің бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бірыңғай тәуекел индикаторларын бекітті.

    Отырыс барысында Қазақстан тарапы ЕАЭО елдерінің кеден қызметтеріндегі әріптестерінің назарын адал бизнес үшін кедендік операцияларды жеңілдету жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне аударды.

     Біріккен алқаның келесі отырысын ағымдағы жылдың 2 тоқсанында Қазақстан Республикасында өткізу жоспарланған.