
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «KEDEN» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Келесі кезең ретінде «Тауарларға арналған декларация» (ТД) функционалын іске қосу жоспарлануда.
Осыған байланысты, 2025 жылғы қараша айынан бастап Комитет жүйе пайдаланушыларымен бірлесіп ТД функционалын тестілеуді жүргізуде.
Қазіргі уақытта «KEDEN» ақпараттық жүйесінің өндірістік ортасында 5 737 пайдаланушы тіркелген, 3 200-ден астам ТД бойынша тауарларды декларациялау процесі тестіленді.
Бірлескен тестілеу кезеңінде офлайн және онлайн форматта 1 500-ден астам кеден өкілдері мен декларациялаушылар оқытылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 500-ден астам ескерту жойылып, 69 ұсыныс қабылданды.
2026 жылғы 28 наурыздан бастап «Тауарларға арналған декларация» (ТД) функционалын кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда. Бұл ретте «KEDEN» ақпараттық жүйесінде ТД қолдану арқылы кедендік декларациялаудың толық циклі 2026 жылғы 10 сәуірден бастап жүзеге асырылатын болады.
ТД беру және шығару рәсімдерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушыларға алдын ала «KEDEN» ақпараттық жүйесінің өндірістік нұсқасында (https://keden.kgd.gov.kz/) тіркеліп, тиісті функционалдың жұмысымен танысу ұсынылады.
Қажетті барлық ақпарат (пайдаланушы нұсқаулығы, ТД толтыру бойынша бейнесабақтар) «KEDEN» порталында (https://keden.kgd.gov.kz/, «Көмек» бөлімі) орналастырылған.
ТД функционалы толық іске қосылғанға дейін өндірістік ортада тестілеу жалғасуда.