
Микро және шағын бизнес субъектілері үшін қызметін тоқтату тәртібі жеңілдетілді.
Атап айтқанда, егер міндеттемелер 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдерге қатысты болса, өткен кезеңдер бойынша салық есептілігіне камералдық бақылау жүргізбестен қызметті тоқтатуға мүмкіндік берілген. Бұл шаралар 2025 жылдың 4-тоқсаны бойынша есептілікке қолданылмайды, ол бойынша камералдық бақылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Бұл кәсіпкерлерге салық берешегі болмаған жағдайда қызметін қосымша әкімшілік рәсімдерсіз жабуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, қолдау шаралары өткен кезеңдер мәселелерін реттеуге және бизнесті жүргізу үшін тұрақты жағдайлар жасауға бағытталған.