
Электрондық саудадағы ҚҚС әкімшілендіру шеңберінде Қазақстан аумағында цифрлық қызметтер көрсететін шетелдік интернет-компанияларды тіркеу қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні 123 шетелдік салық төлеуші тіркелген, оның ішінде ірі халықаралық цифрлық платформалар мен маркетплейстер бар: Apple, Amazon, Alibaba (1688, Lazada, Tmall, Taobao), AliExpress, Adobe, Canva, Chess, eBay, Google, GTA, iHerb, Huawei, Meta (Facebook, Instagram), Microsoft, Netflix, Nintendo, Ozon, OpenAI LLC (ChatGPT), Pinduoduo, Temu, TikTok, Samsung, Sony, Zoom.
Механизм енгізілген сәттен бастап бюджетке 146,5 млрд теңге ҚҚС түсті. Тек 2025 жылдың өзінде түсімдер 57,6 млрд теңгені құрады.
Жалпы, Google tax механизмі енгізілуі шетелдік цифрлық платформаларды салыққа тартуды қамтамасыз етті, бюджетке түсімдерді көбейтті және шетелдік пен отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларын әділ етуге мүмкіндік берді. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағаның орынбасары Сеилжан Ахметов ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» баспасөз конференциясы барасында хабарлады.