Тауарларды таңбалау және қадағалау

Тауарларды таңбалау және қадағалау

      Көлеңкелі экономиканы қысқартуға және тауар айналымының ашықтығын арттыруға бағытталған тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін дамыту жеке бағыт болып табылады.

     ҚР ҚМ МКК акцизделетін өнімдерді таңбалау бойынша уәкілетті орган болып табылады. Темекі өнімдерін міндетті таңбалау 2020 жылдан бастап енгізілген, алкоголь және сыра өнімдерін таңбалау кезең-кезеңімен енгізілуде, сыра өнімдері үшін міндетті енгізу 2026 жылғы ақпаннан жоспарланған.

     Жүйе тауарлардың өндірістен немесе импорттан бастап соңғы сатылымға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, бұл нарықтың ашықтығын айтарлықтай арттырады.