e-Тамға арқылы ЭШФ бақылауы

e-Тамға арқылы ЭШФ бақылауы

       2026 жылдан бастап ҚҚС балансына негізделген e-Тамға сервисі арқылы ЭШФ-қа автоматтандырылған бақылау енгізілді, бұл сондай-ақ жалған мәмілелердің алдын алады.

      Жүйе нақты уақыт режимінде салық балансын есептейді және расталған шығындар, сатып алулар немесе импорт болмаған жағдайда шот-фактураларды шығару мүмкіндігін болдырмайды.

     Сонымен қатар, механизмді енгізу кезең-кезеңімен, бизнес қауымдастығының пікірін ескере отырып жүзеге асырылады, ал сервиске қосылу ерікті негізде жүргізіледі.