
Smart Data Finance жүйесі енгізілді, ол 78 дереккөзден деректерді жинақтап, салық төлеушілердің цифрлық профилін қалыптастырады.
Big Data инфрақұрылымын құру және ақпараттық жүйелердің жаңа архитектурасына көшу цифрлық сервистерді, соның ішінде салық төлеушілер мүддесі үшін жасанды интеллект құралдарын енгізуді одан әрі дамытуға негіз жасайды.
Жалпы, цифрландыру қамтамасыз етті:
• жүйелердің жоғары қолжетімділігін;
• бір уақытта 250 мыңға дейін пайдаланушының жұмысын;
• операцияларды бірнеше секунд ішінде өңдеуді.
Негізгі цифрлық құралдар
Цифрландыру шеңберінде бірнеше құралдар енгізілді:
• онлайн-кассалық аппараттар;
• аналитикалық құрал – жеткізушілер бойынша пирамида;
• биометриялық сәйкестендіру;
• ЭШФ шығару шектеуі;
• e-Тамға арқылы ЭШФ бақылауы;
• тауарларды маркировкалау және іздеу мүмкіндігі;
• платформалық жұмыспен қамтуды дамыту.