
2026 жылдан бастап Қазақстанда салық әкімшілендірудің заманауи моделін қалыптастыруға бағытталған Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.
Реформаның негізгі мақсаты – экономиканың ашықтығын арттыру, көлеңкелі айналымды азайту және адал бизнеске әкімшілік жүктемені төмендету. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағаның орынбасары Сеилжан Ахметов ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» баспасөз конференциясы барасында хабарлады.