Қашықтықтан семинар өтті

Қашықтықтан семинар өтті

2026 жылғы 10 – 12 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің Салықтық аудит басқармасымен бірлесіп «Салықтық тексерулер. Салықтық тексерулер жүргізу бөлігінде заңнамадағы өзгерістер. Салықтық тексерулер бойынша Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары» тақырыбына  Polycom БКБ арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

 Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін практикалық жағдайларды талқылаумен, салықтық тексерулер жүргізу бөлігінде заңнамадағы өзгерістермен таныстыру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары  қызметкерлері қатысты.

           Дәріскерлер ретінде: ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Салықтық аудит  басқармасы басшысының орынбасары - Бинура Гаухарбековна Нарманова және ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Салықтық аудит  басқармасының бас сарапшысы - Еркебулан Жумагалиевич Сарбаев қатысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 222 қатысушы тестілеуден өтті және біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.