
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік есеп пен салық есебінің сапасын арттыру мақсатында Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесіп 2026 жылғы 5 қаңтарда «Халық бухгалтері» акциясы басталды. Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.
Негізгі формат – облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында офлайн қабылдау.
2026 жылдың наурызынан бастап аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін кеңес берулер өткізіледі. Қабылдау аймақтары «Халық бухгалтері» атты арнайы маңдайшалармен белгіленген және сол жерде кесте мен мекенжайлары көрсетілген.
Акция өтетін орындардың мекенжайларын сілтеме арқылы өтіп көруге болады: https://lp.prg.kz/kk/narod-buh/narod-buh/
2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында акция аясында 38 000-нан астам салық төлеушіге кеңес беріліп, 879 ашық есік күні өткізілді.
Негізгі сұрақтар оңтайлы салық режимін және ауысу кезеңін таңдау, салықтық жеңілдіктер мен шегерімдер, электрондық шот-фактуралар беру, ҚҚС шегі, ҚҚС бойынша тіркеу және тіркеуден шығу (арнаулы салық режимі және жалпыға бірдей белгіленген режим үшін), жеке кәсіпкерлерге рұқсат етілген қызмет түрлері және тағы басқа мәселелерге қатысты болды.
Біз кәсіпкерлер мен азаматтарды осы мүмкіндікті пайдаланып, тегін кәсіби кеңес алып, салық сауаттылығын арттыруға шақырамыз.