
2026 жылғы 24-26 ақпан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған департаментімен бірлесіп, «Жер қойнауын пайдаланушыларды салық салу бөлігінде жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жер қойнауын пайдаланушылар үшін арнайы төлемдер мен салықтарды есептеу және төлеу ерекшеліктерін түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде:
- Куртинова Бибижан Алихановна – ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған департаменті Жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық бақылау баскармасының бас сарапшысы;
- Касимова Сандугаш Амангельдиновна - ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған департаменті Жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық бақылау баскармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша 131 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.