
Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлер ұйымдарымен бірлесіп, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап "Халық бухгалтері" акциясы аясында кеңес беруді бастады. Науқан 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.
Негізгі формат – облыс орталықтарындағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау жүргізу.
Ақпан айының соңына дейін консультациялар аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. 2026 жылғы наурыз айынан бастап аптасына екі рет өткізіледі. Қабылдау орындары «Халық бухгалтері» деген жазуы бар маңдайшалармен белгіленген.
Қабылдау орындары жұмыс кестесі мен мекенжайы көрсетілген
Акция өткізу орындарының мекенжайлары көрсетілген сілтеме арқылы: https://lp.prg.kz/narod-buh/
МКК, МКД және МКБ тарапынан жауапты қызметкерлердің тізімдері жасақталды, сондай-ақ қаңтар айына кәсіби бухгалтерлер ұйымдары тарапынан 120-дан астам кәсіби бухгалтер айқындалды. Акция басталған сәттен бастап:
Тікелей диалог тәжірибесі қолдаудың мұндай формасының тиімділігін көрсетті: салық төлеушілер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша өзекті мәселелерге қатысты түсіндірмелер алады.
Акция аясында кәсіпкерлерге өтпелі кезең бойынша қадамдық нұсқаулықтар, сондай-ақ оңайлатылған салық режимін таңдау жөнінде түсіндірмелер беріледі.
Кеңес алушылар көбіне ең тиімді салық режимін таңдау, арнайы салық режимдері кезіндегі жеңілдіктер мен шегерімде, электронды шот-фактура жазу тәртібі, ҚҚС шекті мөлшері, арнаулы және жалпыға бірдей салық режимдері кезінде ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері сияқты мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды.
"Халық бухгалтері" акциясы 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Іс-шара туралы толық әрі жан-жақты ақпарат алу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде арнайы сайт іске қосылған.
«Халық бухгалтері» акциясы өз жұмысын жалғастыруда.
Кәсіпкерлер мен азаматтарды кәсіби консультацияны тегін алу және өздерінің салықтық сауаттылығын арттыру мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.