ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

Құрметті салық төлеушілер!

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 13-ақпанда сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі  қолжетімді болмайды.

Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2026 жылғы 13-ақпанда ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және  «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды: 

- 2026 жылғы 13-ақпаннан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

- 2026 жылғы 13-ақпаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.