
2026 жылға дейін қайтарудың оңайлатылған тәртібін салық төлеушілердің жекелеген санаттары ғана қолданды (ірі салық төлеушілер, өндірушілер, сондай-ақ валюталық түсімді теңгемен айырбастайтын шикізат экспорттаушылар).
ҚР жаңа Салық кодексінің енгізілуімен нөлдік мөлшерлемені қолданатын салық төлеушілердің барлық санаттарымен ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін таңдау мүмкіндігі көзделген.
ҚҚС сомасының асып кетуін қайтару «Қосылған құн салығы бойынша Декларация» салық есептілігінде көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап негізінде жүзеге асырылады (300.00-нысан).
Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі салық төлеушісінің кабинетінде (ИСНА КНП) жаңа заңнама бойынша талаптарды көрсету бөлігінде «Қосылған құн салығы бойынша Декларация» (300.00-нысан) және «Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомалары бойынша мәліметтер» 9-қосымшасы салық есептілігін жаңарту жүргізілді.
Осылайша, салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты 2025 жылғы 4 тоқсандағы ҚҚС асып кеткен соманы қайтару туралы талапты ИСНА КНП арқылы ұсыну қажет knp.kgd.gov.kz