Навигациялық пломбалар– Еуразиялық экономикалық одақтағы ашық әрі қауіпсіз логистикаға жасалған жаңа қадам

Навигациялық пломбалар– Еуразиялық экономикалық одақтағы ашық әрі қауіпсіз логистикаға жасалған жаңа қадам

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 84 «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі Келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалауды енгізу туралы» шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап екі немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау енгізіледі.

Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау кезең-кезеңімен автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты, кедендік транзит және экспорт кедендік рәсімдері шеңберінде, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы аясында енгізілетін болады.

Бизнес өкілдерінің, оның ішінде тасымалдаушылардың, экспедиторлардың және тасымалдау процестеріне қатысатын өзге де тұлғалардың назарын логистикалық процестердің үздіксіздігін және тасымалдау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау қажеттілігіне аударамыз.