Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімді таңбалау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу бөлігінде реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша жария тыңдаулар өткізеді

       2026 жылғы 20 қаңтарда сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімді таңбалау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге байланысты реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізеді.

     Жария тыңдаулар барысында акцизделетін өнімді таңбалау және қадағалау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу шеңберінде жүргізілген реттеушілік әсерді талдау нәтижелері, сондай-ақ белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары қаралатын болады.

      Жария тыңдауларға мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысуға шақырылады.

     Жария тыңдауларға қатысуға өтінімдер murat.alibek@kgd.gov.kz электрондық поштасына өтініш жолдау арқылы қабылданады.