«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі бірыңғай контурда және порталдың бір ғана мекенжайы бойынша жұмыс істейді. https://esf.gov.kz:8443/esf-web/app және https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login сілтемелері ЭШФ АЖ-ның бір және сол веб-қосымшасына жатады және жүйенің әртүрлі нұсқалары болып табылмайды. Қандай да бір URL мекенжайын пайдалану функционалдың қолжетімділігіне, оның ішінде ҚҚС-тың 5 % және 16 % мөлшерлемелерін қолдану мүмкіндігіне әсер етпейді.
2026 жылы ҚҚС бойынша есепке тұрған жекелеген салық төлеушілерде ҚҚС мөлшерлемелерін таңдау мүмкіндігінің болмауы порталға кіру мекенжайымен байланысты емес. Электрондық шот-фактураларды қалыптастыру және қолжетімді ҚҚС мөлшерлемелері салық төлеушінің мәртебесіне, оның ҚҚС бойынша тіркеу деректеріне, сондай-ақ осы мәліметтердің жүйенің есептік деректерінде дұрыс көрсетілуіне байланысты айқындалады.