Салық есептілігін кері қайтарып алуға салықтық өтінішті табыс етудің уақытша мүмкіндігін беру туралы шешім

Салық есептілігін кері қайтарып алуға салықтық өтінішті табыс етудің уақытша мүмкіндігін беру туралы шешім

Құрметті салық төлеушілер!

Таңдалған салық салу режиміне уақтылы көшуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет салық есептілігін кері қайтарып алуға салықтық өтініш берудің уақытша мүмкіндігін беру туралы шешім қабылдады.

Бұл өтініш ескі және жаңа СТК-де 2026 жылғы 01 наурызға дейін, яғни өтпелі кезең ішінде қолжетімді болады.

Бұл ретте, салық есептілігінің нысандары олар берілген ақпараттық жүйеде кері қайтарып алынуға жататынына назар аударамыз (жаңа СТК–де СЕН ұсынылған жағдайда – салық өтінішті кері қайтарып алуға толтыру және ұсыну да жаңа СТК-де жүзеге асырылуы тиіс. Егер СЕН ескі СТК-де ұсынылған жағдайда, кері қайтарып алуға өтініш ескі СТК-де берілуі керек).

Сондай-ақ, СЕН қайтарып алу мүмкіндігіне қатысты норма жаңа Салық кодексіне сәйкес алынып тасталғанын ескере отырып, бұл функцияны салық салу режимін уақтылы таңдау, сондай-ақ дара кәсіпкердің қызметін тоқтату мақсатында ғана пайдалану қажет.