Көлеңкеден шығу: 66 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қызметтерін заңдастырды

Көлеңкеден шығу: 66 мың өзін-өзі жұмыспен  қамтығандар қызметтерін заңдастырды

 

​        2026 жылғы қаңтардың алғашқы 10 күнінде жаңа Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде 66 мың жеке тұлға өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесінде жұмыс істей бастады.

​        Бұған дейін бұл азаматтар жеке кәсіпкерді тіркеусіз қызмет атқарған, енді олар өзін-өзі жұмыспен қамтудың жаңа субъектілеріне айналды және заңды және қажетсіз әкімшілік рәсімдерсіз жұмыс істейді.

​        Мұндай нәтиже 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастаған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін енгізудің арқасында мүмкін болды.

​        Бұл өз бетінше жұмыс істейтін және жеке еңбегінен табыс табатын жеке тұлғалар үшін қарапайым және ыңғайлы салық режимі.

​        Режим кімге арналған:

​        • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген;

​        • жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайды;

​        • Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысады (2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулы);

​        • айына 300 АЕК-тен аспайтын табыс алады (2026 жылы – шамамен 1,3 млн теңге).

        ​Режимнің негізгі артықшылықтары

​        Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар:

​        • ЖК ретінде тіркелуге міндетті емес;

​        • табыс салығын төлемейді (ЖТС мөлшерлемесі - 0%);

​        • әлеуметтік төлемдерді табыстың 4% ғана төлейді, оның ішінде 1% - МЗЖ, 1% - ЖБМЗЖ, 1% - әлеуметтік аударымдар, 1% - МӘМС;

​        • салық есептілігін тапсырудан босатылған;

​        • «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді, онда чектер қалыптастырылады (БКМ қолданусыз) және әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі;

​        • интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген кезде чектер мен әлеуметтік төлемдер платформа операторы қалыптастырады, ұстайды және аударады.

​        Қосымша:

​        • режимді қолдану туралы хабарлама жіберудің қажеті жоқ;

​        • режимнің басталу күні қосымшада бірінші чекті қалыптастыру сәті болып саналады.