Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексін сақтау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексін сақтау

    Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Арыстанбекова мен Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тасқын Ақбаевтың басшылығымен Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымымен кездесу өткізілді.

     Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесіне, қызметтік тәртіпке, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына, оның ішінде қызметтен тыс уақытта өзін-өзі ұстау мәселелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге, мүдделер қақтығысына, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) ойын мекемелерінде бәс тігуге қатысуына қойылатын шектеулерге, мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға және кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салу мәселелеріне қатысты сұрақтар талқыланды.

      Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның барлық қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауының маңыздылығы, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау, ұжымда әділ әрі өзара құрметке негізделген қарым-қатынасты қамтамасыз ету мәселелерінде басшылардың жеке үлгі көрсетуінің қажеттілігі атап өтілді.