
ҚР ҚМ МКК қазіргі уақытта ИС ЭСФ порталы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды.
Сонымен қатар, жоспарлы (штаттық) өңдеу барысында электрондық құжаттарды өңдеуде уақытша кідірістер байқалуы мүмкін. Аталған шектеулер техникалық сипатта болып табылады және жүйенің жалпы жұмысының дұрыстығына әсер етпейді.
Назар аударамыз, жүйе өңдеуге қабылдаған барлық электрондық құжаттар олардың жасалған күнімен тіркелетін болады.
Осы ретте, ҚР ҚМ МКК әзірлеушілермен бірлесіп портал жұмысына тұрақты мониторинг жүргізіп, оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауда.
Салық төлеушілердің қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында, техникалық қиындықтар туындаған жағдайда
30-31 желтоқсан күндері құжаттарды қағаз тасымалдағышта ресімдеу мүмкіндігін көздейтін баспасөз релизі 2025 жылғы 30 желтоқсанда жарияланғындығын қосымша хабарлаймыз.