
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2025 жылғы 29-желтоқсанға ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:
- 2025 жылғы 29-желтоқсаннан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2025 жылғы 29-желтоқсаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.