
2025 жылғы 18–19 желтоқсан күндері Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Кеден органдарының валюталық бақылауды жүзеге асыруы» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара кеден органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ валюталық заңнама нормаларын кеден органдары қызметінде практикалық тұрғыдан қолданудың өзекті мәселелерін қарастыруға бағытталды.
Семинарға Мемлекеттік кірістер комитетінің, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Семинардың ашылуында:
Аталған семинарды өткізу мемлекетінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, сыртқы сауда операцияларының тұрақтылығын сақтаудағы және валюталық заңнама талаптарының бұзылуын болдырмауда валюталық бақылаудың рөлінің артуымен байланысты.
Дәріскер ретінде Иванущенко Алевтина Викторовна – халықаралық сарапшы, экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей кеден академиясының кедендік кірістер және тарифтік реттеу кафедрасының доценті сөз сөйледі.
Бағдарлама аясында валюталық бақылауды жүзеге асырудың негізгі аспектілері, валюталық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ валюталық бақылауды ұйымдастырудың үздік халықаралық тәжірибелері мен тәсілдері қарастырылды. Валюталық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке, күмәнді валюталық операцияларды бақылаудың әлемдік және ресейлік тәжірибесіне, сондай-ақ кірістерді заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Екі күндік семинар барысында қатысушылар құқық қолдану тәжірибесіндегі нақты жағдайларды талқылап, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі валюталық реттеуді дамыту перспективаларын қарастырды.
Аталған семинар мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ валюталық бақылау саласында мемлекеттік кірістер органдарының әлеуетін нығайтуға ықпал етті.