Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен дөңгелек үстел

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен дөңгелек үстел

       2025 жылғы 19 желтоқсанда Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Бақытжан Слямовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кедендік бақылауда мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтары мен цифрлық құралдарды енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

      Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік кірістер органдарының мобильді топтарын құру және олардың жұмыс істеуі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылау, сондай-ақ олардың қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндіру болды.

      Кездесу барысында қатысушыларға тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәсілдері, көлік құралдарын тоқтату және тексеру тәртібі, техникалық бақылау құралдарын пайдалану, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың әрекеттерін міндетті түрде бейнетіркеу арқылы рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері таныстырылды.

     Комитетпен кедендік әкімшілендірудің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға, сондай-ақ бақылауды күшейту мен сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушыларының құқықтарын қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда.

      Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар одан әрі сындарлы диалогты жалғастыруға және бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, кедендік бақылау тетіктерін жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.