Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) краудфандингтік платформалары арқылы алынатын табыстарды декларациялау тәртібі жеңілдетілді.
Енді қарыздық краудфандингтік платформаны басқару қызметіне лицензиясы бар АХҚО қатысушылары мемлекеттік кірістер органдарына өз бетінше мынадай ақпаратты ұсынады:
•платформада жасалған шарттар туралы;
•резиденттерге және резидент еместерге төленген сыйақы сомалары туралы.
Бұл жеке тұлғаларға табыстар мен мүлік, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларда аталған мәліметтерді өздігінен көрсету қажеттілігі жойылғанын білдіреді. Барлық қажетті ақпарат мемлекеттік кірістер органдарына платформалар операторларынан тікелей түсетін болады.
Мәліметтер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығымен бекітілген нысан мен тәртіпке сәйкес ұсынылады.
Аталған жаңашылдық келесі мақсаттарға бағытталған:
•азаматтар үшін салық декларацияларын толтыру қажеттілігін болдырмау;
•мемлекеттік кірістер органдары тарапынан уақтылы камералдық бақылауды қамтамасыз ету.