Салық төлеушілерді салықтық тіркеуге байланысты кейбір мәселелер туралы

Салық төлеушілерді салықтық тіркеуге байланысты кейбір мәселелер туралы

         Жаңа Салық кодексінің ережелерін іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 640 бұйрығымен «Салық төлеушілерді салықтық тіркеуге байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрық (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілді.

         Бұйрықпен салықтық өтініштер мен хабарламалардың мынадай нысандары бекітілді:

  • тіркеу есебіне қою туралы өтініш;
  • резидент емес тұлғаны Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігі;
  • тіркеу есебінен шығару туралы өтініш;
  • жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебіне қою туралы хабарлама;

          - жекелеген қызмет түрлерін (ойын бизнесі) жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама;

          - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш;

          - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама.

          Сондай-ақ, Бұйрықта «Салық төлеушілерді тіркеу», «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі», «Қосылған құн салығы төлеушілерін тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібі көзделген.

          Сонымен қатар, бұйрықтың қорытынды ережелерінде салық төлеушілерді мәжбүрлеп тарату тәртібі, оны жүзеге асыру шарттары мен қарау мерзімдері регламенттелген.

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 640 бұйрығы

          Толығырақ сілтеме бойынша: http://10.61.42.188/rus/docs/V2500037257