
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
16 желтоқсан — еліміздің тарихындағы ерекше әрі тағдыршешті күн. Дәл осы күні, 1991 жылы, Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдап, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы азаттық пен егемендікке қол жеткізу жөніндегі арманын шындыққа айналдырды.
Тәуелсіздік — мемлекеттігіміздің ең жоғары құндылығы әрі басты байлығы. Елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау — бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы ортақ әрі қасиетті борышымыз.
Осы мерекелі күні барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен татулық, амандық пен денсаулық, бақыт, жоғары жетістіктер мен тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігі жолындағы жаңа табыстар тілейміз.