
Талғат Жапарханұлы Қозбеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы болып тағайындалды.
1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы мемлекеттік кірістер органдарында Панфилов ауданының Салық комитетінде салық инспекторы лауазымынан бастаған.
Жетекші, аға салық инспекторы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов және Ұйғыр аудандары бойынша басқарма басшысы, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
Соңғы бір жылда Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.