
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және адамға бағдарланған тәсілді енгізу жұмысын жалғастыруда.
«Еститін мемлекет» қағидаттарын іске асыру, азаматтар мен бизнес өкілдерімен ашық диалог орнату, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің сервистік моделін дамыту мақсатында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында сауалнама басталғанын хабарлаймыз.
Аталған сауалнама салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларының қызметтің бүкіл өмірлік циклі бойынша тіркеуден бастап қызметін тоқтатуға дейінгі кезеңдердегі пікірін зерделеуге бағытталған. Ол мемлекеттік кірістер органдары үшін кері байланыстың маңызды құралы болып табылады және бизнес пен азаматтардың қажеттіліктерін уақтылы ескеруге, анықталған проблемаларды жедел жоюға, сондай-ақ қызмет көрсету процестерін одан әрі оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Құрметті салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылар, Сіздерді сауалнамаға белсенді қатысуға және мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын одан әрі жетілдіруге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!
Сауалнамадан төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы өтуге болады.
QR-код: