
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 417-бабының 9-1-тармағына және 418-бабының 20-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізді. Құжат Кеден кодексінің нормаларын іске асыруға бағытталған және кедендік тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен тексерілетін тұлғалар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін анықтайды.
Ережелер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және кедендік тексеру рәсімдерін бизнес үшін ашық әрі ыңғайлы етеді. Кедендік тексерудің алдын ала актін табыс ету шарттары, жазбаша қарсылықтарды беру және оларды қарау тәртібі айқындалды.
Кедендік тексерулер бойынша негізгі өзгерістер:
Өзгерістердің түпкі мақсаты – аудит процедурасын түсінікті, икемді ету және мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы ашық диалогқа бағытталған.