Бейрезидент-заңды тұлғаның қызмет көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түскен кірістерінен төлем көзінен салық салу

Бейрезидент-заңды тұлғаның қызмет көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түскен кірістерінен төлем көзінен салық салу

      Салық кодексіне сәйкес, бейрезиденттің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістері Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері деп танылады.

       Сондай-ақ, бейрезиденттің ҚР шегінен тыс ақпаратты өңдеу, басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, дизайнерлік, жарнамалық, заңдық (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтер көрсетуден түскен кірісі ҚР-дағы көздерден плынған кірісі деп танылады.

       Қызметі ҚР-да тұрақты мекеменің құрылуына әкеп соқпайтын бейрезидент-заңды тұлғаның ҚР көздерінен түсетін кірістеріне шегерімдерді жүзеге асырмай төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады.

       Бұл ретте Салық кодексінің 681-бабында көрсетілген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті Салық кодексінің 682-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану жолымен есептейді.

       Бейрезиденттің ҚР аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен кірістеріне 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 681-бабының ережелеріне сәйкес:

Салық кодексінің 679-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген;

      ҚР-дағы тұрақты мекеменің қызметіне байланысты кірістерді қоспағанда, ҚР шегінен тыс жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістер салық салуға жатпайды.

       Осылайша, егер қызметі ҚР-да тұрақты мекеменің құрылуына әкеп соқпайтын бейрезидент ҚР-дан тыс жерлерден ғана қызмет көрсетуден кіріс алатын болса, бұл ретте мұндай қызмет көрсетуден түскен кірістер жоғарыда көрсетілген кірістер тізбесіне кірмесе және ҚР-дағы тұрақты мекеменің қызметімен байланысты болмаса, бейрезиденттің мұндай кірістеріне ҚР-да салық салынуға жатпайды.