Цифрлық активтерді реттеудің болашағы: КГД мен сала арасындағы ашық диалог

Цифрлық активтерді реттеудің болашағы: КГД мен сала арасындағы ашық диалог

      2025 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті КГД Төраға орынбасары Сеилжан Ахметовтің төрағалығымен «Блокчейн және цифрлық майнинг қауымдастығы» мен криптовалюта қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

     Кездесу барысында қатысушыларға цифрлық активтер саласындағы салықтық реформаның негізгі аспектілері, соның ішінде майнинг-пулдар мен криптовалюталық биржалар ұсынатын мәліметтер жөніндегі ведомстволық актілер нормаларын іске асыру тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.

     Жеке және заңды тұлғалардың криптовалюта әмияндары туралы мәліметтерді көрсету жаңа салық есептілігі нысандарында көзделгені жеке атап өтілді. Бұл салық деректерінің толықтығы мен дұрыстығын арттыруға, сондай-ақ цифрлық активтер бойынша операциялардың ашықтығын күшейтуге мүмкіндік береді.

     Адал салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту мақсатында цифрлық активтермен операциялар жасайтын жеке тұлғалар үшін салық салудың жеңілдетілген тәртібін енгізу мүмкіндігі талқылануда. Сонымен қатар қаржылық нәтижелерді сальдалау мүмкіндігін ескере отырып, кәсіби трейдерлер үшін салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолдану қарастырылуда.

     Мемлекеттік кірістер комитеті саланың өкілдерімен ашық диалог саясатына өзінің бейілділігін растады. Нарық қатысушыларымен тұрақты коммуникация тиімді салық саясатының негізгі элементі және Қазақстан Республикасында цифрлық активтердің ашық әрі орнықты экожүйесін қалыптастырудың маңызды шарты ретінде қаралады.