
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында ҚР ҚМ 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 Қазанда № 37317 болып тіркелген) Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ нысандарын, Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекітілгенін хабарлайды.
Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.