
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімде көзделген нормаларды орындау шеңберінде тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету бөлігінде ҚР Салық кодексінің
180-бабының 6-тармағына сәйкес келтіру мақсатында ҚР ҚМ
2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 Қазанда № 37317 болып тіркелген) Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидалары бекітілгенін хабарлайды.
Көрсетілген бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы
21 қаңтардағы № 2 шешімімі бойынша тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың бекітілген Тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл Тізбеде СЭҚ ТН мынадай кодтары көзделеді:
|
ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
Позиция атауы |
Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын сандық өлшем бірлігі |
|
8418 10 200 1; 8418 10 800 1; 8418 21 100 0; 8418 21 510 0; 8418 21 590 0; 8418 21 910 0; 8418 21 990 0; 8418 30 200 1; 8418 30 800 1; 8418 40 200 1; 8418 40 800 1 |
Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар |
дана |