Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің  «Виртуалдық қойма» модулі арқылы  электрондық шот-фактуралар жазып берілетін  тауарлар тізбесін бекіту туралы

       ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 208-бабы 1-тармағының 10) тармақшасын іске асыру мақсатында, электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазылып берілетін тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша электрондық шот-фактуралар жазып беру бөлігінде әзірленді. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қабылдаудың мақсаты Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы тауарлардың импорттан/өндірістен бөлшек сатушыға/экспортқа дейін қадағалануын қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін құру көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісім нормаларын орындау болып табылады.