1С:Бухгалтерия» және «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС)

1С:Бухгалтерия» және  «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС)

       2025 жылғы 25-27 қараша аралығында Оқу-әдістемелік орталығымен  «1С:Бухгалтерия» және  «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС)» тақырыптарында қашықтықтан семинар өткізілді.

       Іс-шараның мақсаты – бухгалтерлік есептің принциптері мен әдістерін, бухгалтерлік баланстарды, бухгалтерлік есептерді талдауды үйрету, сонымен қатар автоматтандырылған 1С Бухгалтерлік есеп жүйесімен жұмыс істеу және бухгалтерлік есептерді қалыптастыру бойынша білім мен дағдыларды беру.
       Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Zoom платформасы арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:

       Рушанова Сауле Аманбаевна – ҚР кәсіби бухгалтер, салық кеңесшісі сөз сөйледі.

       Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
       Семинар қорытындысы бойынша 248 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.