
Өз тарихында алғаш рет өңірдің мемлекеттік бюджетке түскен түсімдері
1 триллион теңге межесінен асты. Бұл – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды кезең әрі салықтық базаны кеңейту және кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігін дәлелдейді.
2025 жылдың 11 айының қорытындысы
Қаңтар–қараша айларында 1 023,4 млрд тг салықтар мен төлемдер қамтамасыз етілді:
• 452,8 млрд тг — республикалық бюджетке
• 570,5 млрд тг — жергілікті бюджетке
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 111,4% (+104,4 млрд тг) құрады.
Соңғы жылдардағы динамика
Бюджеттің кіріс бөлігі тұрақты өсуде:
• 2021 жылы — 666,8 млрд тг
• 2025 жылы — 1 трлн тг-ден асты
Бес жыл ішінде өсім 1,5 еседен асты.
Бұл өңірге не береді?
Түсімдердің артуы мына бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді:
• экономиканы дамытуға,
• әлеуметтік бағдарламаларды кеңейтуге,
• басым жобаларды іске асыруға.