
2025 жылғы 17–21 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ОӘО) «Рентген-телевизиялық қондырғылар операторларын даярлау жөніндегі арнайы курстарды өзектендіру және өткізу» тақырыбында арнайы курс өткізді. Оқыту ОӘО базасында мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.
Курстың негізгі мақсаты — мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде бақылау сапасын арттыру, оның ішінде техниканың және операторлардың кешенді жұмысының тиімділігін күшейту. Ерекше назар рентген-телевизиялық қондырғылар (РТҚ) сканерленген бейнелерін кәсіби талдау дағдыларына және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге аударылды.
Курс бағдарламасы келесі негізгі бөлімдерді қамтыды:
РТҚ операторларын оқыту және тестілеу үшін бағдарламаға Simfox симуляторы енгізілді. Ол қатысушыларға келесі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді:
Практикалық сабақ шеңберінде қатысушылар «Әуежай-Астана» кеден бекетінде оқу-жаттығудан өтті. Сабақ барысында оқу үлгілері — есірткі, тыйым салынған заттар, жарылғыш материалдар, шетел валютасы, зергерлік бұйымдар және бриллиант макеттері қолданылды. Тыңдаушылар әсіресе жарылғыш заттарды анықтау бағытында жоғары нәтижелер көрсетті. Практикалық бөлім Rapiscan құрылғыларындағы рентгендік суреттерді егжей-тегжейлі талқылау және талдау форматында өтті.
Курс құрылымына алғаш рет арнайы ағылшын тілі сабағы енгізілді. Ол қатысушылардың кәсіби терминологияны меңгеруіне және халықаралық ортада жұмыс істеуге қажетті тілдік дағдыларын дамытуға бағытталды. Тыңдаушылар тексеру рәсімдерін жүргізу, құжат толтыру және кәсіби қарым-қатынасқа арналған практикалық тіркестерді үйренді.
Оқу бағдарламасы теориялық сабақтар мен заманауи жабдықтардағы практикалық дайындықты үйлестірді. Тыңдаушылар рентген-телевизиялық кешендердің жұмыс істеу қағидаттарын терең меңгеріп, бейнелерді талдау әдістерін игерді және қауіпті әрі тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдірді. Ерекше назар кәсіби құзыреттілікті арттыруға, стандарттан тыс жағдайларда шешім қабылдау қабілетін дамытуға және халықаралық кедендік бақылау нормаларын сақтауға аударылды.