Құрметті салық төлеуші (салық агенті)! 2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша

Құрметті салық төлеуші (салық агенті)! 2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша

Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!

2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 қантардан бастап жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы  12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары олардың жасалу барысын және оларды ұсыну қағидаларын түсіндіре отырып бекітілгенін   хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы  12.11.2025 года
№ 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған 328.00 «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» нысаны бойынша салық есептілігі  бекітілді.

Есептіліктің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.

Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салықтық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салықтық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ-да және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қолжетімді нысандар қолданылады.