
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында 830 кедендік тексеру жүргізілгенін, оның қорытындысы бойынша 31 млрд. теңге қосымша есептелгенін, 24 млрд. теңге өндірілгенін хабарлайды.
Бұзушылықтар кедендік тексерулердің 81% - да анықталды.
Өткен жылмен салыстырғанда қосымша есептеу сомасы 172% - ға, өндіріп алу сомасы 266% - ға өсті.
Кеден саласында бұзушылықтар жасағаны үшін 534 әкімшілік іс қозғалды.
Ең жиі кездесетін бұзушылықтар:
Жауапкершілік:
Кедендік декларацияда мәлімделген дұрыс емес мәліметтер үшін – әкімшілік айыппұл көзделген ӘҚБтК-нің 551-бабы. Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 10 000 АЕК-тен асқан жағдайда, ҚР ҚК 236-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды.