Жеке тұлғалардың банкроттығы

Жеке тұлғалардың банкроттығы

      2025 жылғы 12–14 қараша аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – ОӘО) және МКК Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасымен «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында күндізгі семинар өткізді.

      Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерге жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері, олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының бұл саладағы рөлі мен міндеттері туралы түсіндіру. Сонымен қатар, қатысушыларға банкроттық істерін қарау тәртібі мен құжаттаманы рәсімдеу ерекшеліктері түсіндірілді.

      Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

      Іс-шараның модераторы – ОӘО Цифрландыру және қашықтын оқыту басшысы Ануар Панарович Касымбеков
      Дәріскерлер ретінде:

  1. ҚР ҚМ Комитеттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы – Сисембаева Меруерт Кабдырашитқызы;
  2. ҚР ҚМ Комитеттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысының орынбасары – Рехметова Айнара Борамбаевна қатысты.

      Семинар барысында қатысушылар жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін қолдану тәжірибесімен, борышкерлердің құқықтарын қорғау тетіктерімен және әкімшілік процестермен танысты.

      Семинардың қорытындысы бойынша 308 қатысушы өз біліктілігін арттырды.