Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды 2026 жылғы қаңтар айының екінші онкүндігінде «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде («Keden») «Тауарларға арналған декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығару туралы өтініш» (бұдан әрі – ТШӨ) модулін іске қосу жоспарлануда.
Аталған өзгерістер қағаз түріндегі құжаттарды цифрлық форматқа көшіру және процестерді автоматтандыруды көздейді. Атап айтқанда, кеден органы жіберетін сұрау салулар мен декларанттың сол сұрауларға беретін жауаптары автоматтандырылды; ТШӨ рәсімінен кейін тауарларға арналған декларацияны ұсыну мерзімдерін автоматты түрде есептеу және толтыру мүмкіндігі енгізілді; «Файлды импорттау» функционалы арқылы тауарлардың көп санын жүктеу мүмкіндігі қамтамасыз етілді және басқа да жаңашылдықтар енгізілді.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 17 қарашадан бастап «АСТАНА-1» («Keden») ақпараттық жүйесінің «Тауарларға арналған декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығару туралы өтініш» модулін тестілеу басталады.
Тестілеу онлайн форматта өткізіледі. Әрбір қалаушы тестілеуге қатыса алады.
Бірлескен тестілеуді өткізу кестесі, бейнесабақтар, пайдаланушы нұсқаулығы және байланыс деректері «АСТАНА-1» («Keden») ақпараттық жүйесінің тестілеу порталына орналастырылған – https://test-keden.kgd.gov.kz.
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сіздерді тестілеуге белсенді қатысуға шақырады!