МКК «АСТАНА-1» жүйесінде жаңартылған «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуді жүргізуде

МКК «АСТАНА-1» жүйесінде жаңартылған «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуді жүргізуде

      ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 3 қарашадан бастап «АСТАНА-1» (ИС «Keden») ақпараттық жүйесіндегі жаңартылған «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуді жүргізуде.

     Тестілеу онлайн және офлайн форматтарында өтуде. Ол декларацияның құрылымы мен форматының өзгеруіне, сондай-ақ автоматтандырудың жаңа құралдарын енгізуге байланысты.

     3 пен 11 қараша аралығында атқарылған жұмыстар:
• 300-ден астам кеден өкілдері оқытылып, тестілеуден өтті;
• жүйеде 224 тауар декларациясы тіркелді;
• пайдаланушылар тарапынан 35 ұсыныс пен ескерту келіп түсті, оларды Мемлекеттік кірістер комитеті қарастыруда.

      Жүйеде не өзгерді:
• кеден мен декларант арасындағы сұраулар мен жауаптар алмасу процесі автоматтандырылды;
• декларацияларды түзету, өсімпұл мен қамтамасыз етуді есептеу функциялары қосылды;
• хабарламалар мен тексеру актілерін рәсімдеу мүмкіндігі енгізілді;
• уақытша әкелу, қайта өңдеу, еркін кедендік аймақтар мен қоймалармен жұмыс істеу сияқты күрделі рәсімдерді орындау мүмкіндігі пайда болды.

     Пайдаланушылар үшін не ыңғайлы болды:
• тіркеу процесі енді бірнеше минут қана уақыт алады – сайтқа кіріп, жұмысты бастау жеткілікті;
• енгізілген тексеру функциялары декларацияны толтыру кезінде қателердің алдын алуға көмектеседі;
• тауар топтарын бірден жүктеу мүмкіндігі бар – бұл рәсімдеуді едәуір жеделдетеді.

      Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден өкілдерін жүйені әрі қарай тестілеуге және өз пікірлерімен бөлісуге шақырады. Тестілеу «Астана-1» (ИС «Keden») ақпараттық жүйесінің сынақ порталында жүргізіледі: https://test-keden.kgd.gov.kz.

     Барлық ұсыныстар «Астана-1» (ИС «Keden») жүйесін пайдалануға барынша қолайлы әрі сенімді етуге көмектеседі.