
Бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінде 2025 жылғы 18 шілдеде қабылданған жаңа Салық кодексінің қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебі бөлігіндегі ережелерін түсіндіруге арналған баспасөз конференциясы өтті.
Негізгі жаңалықтардың бірі ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдың жаңа тәртібін енгізу, бұл өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы Әзімшайық Еділ бұл өзгерістер салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үш формада жүзеге асырылатын болады:
ҚҚС бойынша тіркеу есебінен қоюға жатпайтындар:
Оңайлатылған декларация бойынша АСР қолдану үшін жылдық айналымның шекті мөлшері 600 000 АЕК (шамамен 2,6 млрд теңге) құрайды.
Бұл шағын бизнес субъектілерінің ҚҚС бойынша тіркеу есебінен қоймай оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
ҚҚС бойынша міндетті түрде тіркеу есебіне қою тек жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін ғана көзделген.
2026 жылдан бастап арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ҚҚС төлеуші бола алмайды. Осы мәртебені сақтау үшін олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшуі тиіс.
Таңдалған режим туралы хабарлама 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылады.
Оңайлатылған режимде қалатындар 2025 жылдың соңына дейін ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығу және 2025 жылғы IV тоқсан үшін 300.00- нысан бойынша декларацияны 2026 жылғы 16 ақпаннан кешіктірмей тапсыру ұсынылады.
Сондай-ақ салықтық тіркеуді сақтауға мониторинг енгізілуде. Бұзушылықтар анықталған жағдайда салық төлеушіге 30 жұмыс күні ішінде оны жою туралы хабарлама жіберіледі.
2026 жылдан бастап салық органдары ҚҚС бойынша тіркеу есебінен мәжбүрлі түрде шығару шараларын қолданбайды.
Оның орнына, бұзушылықтар болған кезде (мысалы, орналасқан жері бойынша болмауы) бұзушылықтар жойылғанға дейін электрондық шот-фактураларды (ЭСФ) жазып беру уақытша тоқтатылатын болады.
ҚҚС бойынша тіркеу және есептен шығу мәселелері бойынша барлық өтініштерді «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы немесе eGov.kz порталы арқылы электронды түрде беруге болады.