Республика күніне орай Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Республика күніне орай Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

      2025 жылғы 24 қазанда Мемлекеттік кірістер Комитетінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
     ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембаев әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, Мемлекеттік кірістер органдары ұжымының жұмыс нәтижелерінің жоғары көрсеткіштерін атап өтті.
    Республика күні мерекесіне орай еліміздің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы №1053 Жарлығымен мемлекеттік наградалар: «Құрмет» орденімен- 4, «Ерен еңбегі үшін» медалімен-16 әріптесіміз марапатталды.