СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеу

СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеу

          2025 жылғы 21 – 23 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік әкімшілендіру департаментінің Тауарларды жіктеу және шығарылған жері басқармасымен бірлесіп «СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеу» тақырыбына Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

       Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін тауарларды жіктеу негіздеріне оқыту.
      Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
     Семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ байланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
     - Светлана Жанузаковна Абдыкерова - ҚР ҚМ МКК Кедендік әкімшілендіру департаментінің Тауарларды жіктеу және шығарылған жері басқармасының басшысы қатысты.
      Семинардың қорытындысы бойынша 137 қатысушы тестілеуден өтті және біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.