2025 жылғы 16 - 17 қазан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасымен бірлесіп «Салық есептілігі» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Семинардың мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің салықтық есептілікті жасау және тапсыру тәртібі бойынша кәсіби білімдері мен дағдыларын арттыру.
Семинарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері қатысады.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:
Кансеитов Думан Бекзатович - ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы;
Абишева Карлыгаш Мухамедкаримовна - ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқарма басшысы орынбасарының м.а. сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша 350 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.