ҚР Ұлттық банкі басқармасының бірлескен қаулысы мен ҚР Қаржы министрінің «Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын бекіту жөнінде

ҚР Ұлттық банкі басқармасының бірлескен қаулысы мен ҚР Қаржы министрінің «Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын бекіту жөнінде

       Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2025 жылдың 26 қыркүйегіндегі №55 бірлескен қаулысы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқындау қағидаларын бекіту туралы» №508 бұйрығын (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №37016 болып тіркелген, бұдан әрі – Қағидалар)  2025 жылдың 18 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) ережелерін іске асыру шеңберінде бекітілгені туралы хабарлайды.

      Салық кодексіне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге 2026 жылдан бастап салық салудың сараланған мөлшерлемесі бойынша: кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу жөніндегі қызмет бойынша 20% және өзге де қызмет бойынша 25% салық салынады. Осыған байланысты тиісті ереже жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша салық салынатын табысты айқындау тәртібін белгілейді.

     Атап айтқанда, қағидалар кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтің нәтижелерін, сондай-ақ салық салынатын табысты айқындау тәртібін регламенттейтін өзге де аспектілерді көрсететін кірістер тізбесін қарастырады.

      Сондай-ақ жаңа ережедегі негізгі талаптардың бірі банктердің шегерімге жатқызылатын шығыстарды бөлу әдісін дербес таңдау құқығы болып саналады.

     Айталық, екінші деңгейдегі банктер:

    - пропорционалды әдісті қолдануға;

    - немесе тікелей және жалпы шығындарды жіктеу әдісін қолдануға құқылы.

     Пропорционалды әдіс әр бағыт бойынша алынған кірістердің үлесіне байланысты жалпы шығыстарды қызмет түрлері арасында бөлуді қарастырады.

     Тікелей және жалпы шығыстарды жіктеу әдісі банктердің шығыстарын себеп-салдар бойынша бөлуді көздейді. Мысалы, таңдалған әдіс шеңберіндегі тікелей шығындар толық көлемде тиісті қызмет түріне – кәсіпкерлік субъектілерін немесе басқа қызметті несиелеуге жатады. Тікелей байланысы жоқ жалпы шығыстар кірістердің үлесіне пропорционалды түрде бөлінеді.

     Банк өзінің салық есебі саясатында аталған есебті алу мақсаттарын ұстанатын шығыстарды бөлу әдісін бекітуі керек.

     Ереженің толық мәтінімен ҚР Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.